Жаңаөзенде жүздеген пәтері бар тұрғын үйдің едені опырылған

Жаңаөзенде тұрғын үйдің едені опырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл оқиға жайлы видео әлеуметтік желіде тарады. 

Жаңаөзен қаласындағы "Самал" шағынауданының нөмірі 12 тұрғын үйі 1977 жылы салынған. Галерея тектес үй 100 пәтерден тұрады. Бұл тұрғын үйде қазіргі уақытқа дейін жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

"Жоғарыдағы тұрғын үй "Бірлестік" ЖПИК құрамына кіреді, төрайымы - Гүлмира Есетова. Талдау жүргізу барысында тұрғын үйдің 80 пайыз пәтерлері жалға берілетіндігі белгілі болды. Жеке пәтер иелерімен тұрғын үйді күтіп ұстау қызметі үшін 25 пайыз ғана қаражат төлейді", - дейді "Жаңаөзен қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ өкілдері.

Ведомство мәліметінше, сағат 17:00 шамасында 33 пәтер алды дәлізі құлаған. Пәтер иесі төменгі 13-пәтердің заңсыз қосымша жалғанған құрылысына зардабы тиген. 13 пәтер қосымша құрылыс үшін құжаттары заңдастырылмаған.

33 пәтер және 13 пәтер иелерінің келісімі негізінде оқиға болған орынды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!