Қазақстанда тағы бір жоғары оқу орны пайда болады

Қазақстанда тағы бір жоғары оқу орны пайда болады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда тағы бір жоғары оқу орны пайда болады. Тиісті құжат Ашық НҚА сайтында жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жоғары оқу орнының атауы - Ұлытау техникалық университеті. Оқу орны Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында орналасады.

Бұған 500 000 000 теңге қаржы бөлінеді.

"Мемлекеттің жарғылық капиталына жүз пайыз қатысуымен "Ұлытау техникалық университеті" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құрылсын. Қоғам қызметінің негізгі мәні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі, қосымша білім беру саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып айқындалсын", - делінген құжатта.
 

Құжат 19 маусымға дейін Ашық НҚА сайтында талқылауға шығарылған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан