Орал тұрғыны халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымын тонап кетті

Оралда 39 жастағы тұрғын халыққа ақшалай қарыз беретін микроқаржы ұйымдарының бірін тонап кеткен. Батыс Қазақстан облысының полицейлері күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

"1 маусым күні Оралдағы микроқаржы ұйымдарының бірінің кассирі полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалып, сағат 15:36-да үстіне камбинезон киген белгісіз ер адам кеңсеге баса-көктеп кіріп, тапанша тәрізді затпен қорқытып, оған кассада бар ақшаны беруді талап еткендігін айтты. Қорыққанынан кассир оған ақшасын берген, содан кейін шабуылдаушы оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде БҚО полиция қызметкерлерімен жедел іздестіру жұмыстары жүргізіліп, қылмысқа барған азамат анықталып, ұсталды.

Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 192-бабы 1-бөлігі (Қарақшылық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді", – деп хабарлады БҚО полиция департаменті.

Ұсталған адам Орал қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Мән-жайларды анықтау барысында аталған Б. есімді азамат бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған. Ол кассирді қорқытқан зат, яғни мылтық ойыншық болып шықты. Ұсталғанның айтуынша, ол бұл қылмысты жасауға қарыздарынан құтылу үшін барған. Батыс Қазақстан облысы

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!