Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады

Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады
Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевты қабылдады. Уәкіл биылғы 5 айда атқарған жұмыстарының қорытындысы туралы баяндады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Артур Ластаевтың баяндамасынан:

  • Омбудсмен кеңсесі мен оның өңірлердегі өкілдіктері осы уақыт аралығында азаматтардың 2 318 өтінішін қараған.
  • Жергілікті жердегі жұмысты күшейту үшін Ұлттық превентивті механизм мүшелерінің құрамы жаңарған.
  • Балаларға арналған мекемелердегі қатыгездік әрекеттердің алдын алу мәселесін ерекше назарда ұстайды.
  • Атап айтқанда, Уәкіл осындай мекемелерге 213 рет барып, 800-ден астам ұсыным жасаған.
  • Азаптау деректеріне қатысты тергеу амалдары жүргізіледі. Құқық қорғау органдарына бірқатар арнайы ұсыным берілген.

Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті мемлекеттік органдармен бірлесіп, азаматтардың құқықтарын тиімді қорғауды қамтамасыз ету маңызды екенін айтты.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек