"Психикалық түрде ауыр тиеді". Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі күйеуімен не себепті ажырасқанын айтты

Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі Ляйсира Марат опасыздық туралы ойын ашық айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Instagram-парақшасында бөлісті. 

"Евразия" телеарнасы "сатқындықтың себептері" деген тақырыпта пікір білдіруімді өтінді. Мен осы себептерді және ерлі-зайыптыны, отбасын қалай сақтап қалу керегі туралы ұсыныстарымды баяндайтын видео түсірдім. Қоғамымыздағы опасыздық (оның ішінде ажырасу) тақырыбы өршіп тұр, жазылған материалды бүгіннен бастап үш күн қатарынан аккаунтыма бөліп жүктеймін. Бүгін 1-бөлім: "Опасыздық. Менің оған көзқарасым", - деп жазған ол парақшасында. 

Оның айтуынша, опасыздық күйеуімен ажырасуына себеп болған. 

"Менің опасыздыққа көзқарасым қандай? Менің бұған қатысым болмаса екен деп едім, өкінішке қарай, оның маған тікелей қатысы бар. 25 жыл отау құрған күйеуіммен ажырасуға опасыздық себеп болды. Әрине, мен ажырасуды қабылдаудың барлық психологиялық кезеңінен өткеннен кейін белгілі бір қорытынды жасадым. Соны қазір сіздермен бөлісейін. Опасыздық жаңа пайда болған нәрсе емес. Барлық уақытта да адамдар ғашық болды, үйленді. Кез келген уақытта оларды некеде қалай өмір сүргені, опасыздық болған-болмағаны, не себепті ажырасқаны қызықтырды. Мен опасыздық сөзінің түп-тамырына үңілдім. Бұл сөздің "сенбеу" деген синонимы бар. Адам молда алдында адал болуға, сүйіп өтуге, қолдау білдіруге және қайғы мен қуанышта бірге болуға ант бергенде өзіне, сөзіне сенеді. Ол  жанындағы адаммен өмірінде махаббат, сенім боларына сенеді. Менің ойымша, адам өзіне, махаббатына сенбегенде ол опасыздық жасап бастайды. Опасыздық ең алдымен, адамның өз-өзіне сенім артуына кесірін тигізеді. Сен өз-өзіңді сатып кеткендей боласың. Жолдасыңыз бұл туралы білгенде, ол адамға бұл психикалық түрде ауыр тиеді. Ол бұл ақпаратты қалай қабылдауға болады деп басы қатады. Осы кезде әр адамның өмірінде таңдау болады", - дейді ол видеода.  

Айта кетейік, Ляйсира Марат - кәсіпкер Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі. Олар ажырасқан. Тұрсын Алагөзов танымал продюсер Баян Мақсатқызына үйленген болатын.

Еске салайық, бұған дейін Ляйсира Марат ажырасқаннан кейін қандай күйде болғанын айтқан еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!