"Қазақтар ғана жерден көтеріп жатыр". Еліміздің туымен эксперимент жасаған видео тарады

Жас ақын Сырым Әуезхан еліміздің көк туымен әлеуметтік эксперимент жасады. Бұл туралы видео El kz ақпараттық порталында жарияланды деп, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрда жастар көп жүретін жерде ақынның туды жерге қойып сырттай кім жерден көтереді деп бақылағанын байқауға болады.

Желі қолданушыларының көбісі "туды жоғары көтеріп ұстау керек"- деп пікір қалдырған.

"Қазақтар ғана көтеріп жатыр","Жылағым келіп кетті", "Менде көтерер едім", "Қазақстаным",- деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!