Балқашта қатты желден тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті: бір адам зардап шеккен

Қарағанды облысы Балқашта қатты желден тұрғын үйдің шатыры ұшып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап. 

Жабындылар сол маңдағы көліктің үстіне түсіп, ер адам зардап шекті. Түрлі дене жарақатын алған ол ауруханаға жеткізілген. Науқас дәрігерлердің бақылауында.

Жойқын дауыл 15 минут болған. 

"Қазір бір адам зардап шекті, ол орталық ауруханаға жеткізілді. Оған тиісті медициналық  көмек көрсетілді. Осы жерде барлық мүдделі орган жұмыс істеп жатыр", - деді Балқаш әкімінің орынбасары Руслан Сыздықов. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!