Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 14 бала суға батып кетті

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 14 бала суға батып кетті
Фото: Көрнекі сурет. pavlodarnews.kz

Қазақстанда шомылу маусымы басталғалы 45 адам суға батып кетті, оның 14-і кәмелетке толмағандар. Бұл туралы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде ведомство басшысы биыл суға кеткендер саны 43 пайызға азайғанымен, жағдай мәз емесін атап өтті.

"Кейінгі үш жылда мыңнан аса адам суға кетті, оның 321-і бала. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 69 адам құтқарылды, оның 15-і бала, шомылу маусымы басталғалы 11 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Бұл ретте қазір 45 адам суға батып кетті, оның 14-і кәмелетке толмағандар. Суға батқандардың ең көп саны Ақтөбе облысында, бес адам суға батып кетті, оның бесеуі - бала, бес адам Абай облысында, оның екеуі - балалар, бес адам Қостанай облысында суға кеткені тіркелді", - деді Ильин.

Министрдің айтуынша, елдегі су айдындарындағы адамдардың қаза болуының негізгі себебі: жабдықталмаған жерлерде суға түсу, балаларды ересектердің қарауынсыз қалдыру, мас күйінде суға түсу және күшін жете бағаламау.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек