Жетісу облысында 15 жастағы оқушы хабар-ошарсыз кеткен

Жетісу облысында 15 жастағы оқушы хабар-ошарсыз кеткен
Фото: Polisia.kz

Жетісу облысының полиция қызметкерлері Панфилов ауданы Әулиеағаш ауылынан хабар-ошарсыз кеткен 15 жастағы Ербосын Айзере Қанатбайқызын іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

4 маусымда кәмелетке толмаған қыз бала үйден белгісіз бағытта кетіп, әлі оралмады. Мектеп оқушысы қара жемпір, қара джинсы және ақ кроссовка киген.

Жасөспірімнің белгілері: орташа денелі, көзінің түсі қоңыр, шашы қара, ұзын, иықтан төмен.

"Кәмелетке толмаған қыз баланың жүрген жері, қайда екені немесе қызға қатысты басқа да мәліметтер туралы білетіндердің барлығын облыс полициясына +7 705 519 1021, 707 786 4630, 771 492 1007 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауларыңызды сұраймыз", - делінген полиция хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина