Элиталы жезөкшелерге жеңгетай болған алматылық блогер туралы не белгілі?

Бүгін танымал модель әрі блогер жезөкшелікпен айналысатын "элиталық эскортницалар" желісінің ұйымдастырушысы болғаны анықталды. Алматылық блогер туралы не белгілі? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді.

Полиция дерегі бойынша блогер А. Алматы қаласында қалталы ер адамдар үшін интимдік және "эскорт-сүйемелдеу" қызметтерін көрсететін модельдік келбеті бар қыздардың қатысуымен "жеке" секс-кештер ұйымдастырған. 

Блогер 25 жаста. Ол ақшаға сексуалдық қызмет көрсетуге дайын келбетті қыздарды іздеп, бай клиенттерді тартумен айналысқан. 

Instagram желісіндегі парақшасында 129 мыңнан аса оқырманы бар. Парақшасындағы суреттерге қарасаңыз үнемі саяхаттап, демалып жүретін ару. 

Одан бөлек, А. көңіл білдірген адамдардан жиі бағалы сыйлықтар алып тұратын көрінеді. Мысалы, мына жазбасында әлдекімге "Алғыс айтамын" деп жазған. 

Ол қыздарға "демеушілерді" табуға, әлемді көруге және өмірін жеңілдетуге уәде берген. Топқа кіру 300 АҚШ доллар болған.

Көрсетілген жеңгетайлық қызметі үшін күдікті клиенттен түскен ақшаның 40 пайызын өзіне алып отырған. Ал қалғанын қызмет көрсеткен қыз алған. "Кездесудің" құны бір сағат үшін 500 мың теңгеден бастап, әртүрлі бағамен өлшенген.

Қаржы мониторингі агенттігімен бірлесіп деректерді талдау нәтижесінде күдіктінің 2022 жылғы қаражат айналымы анықталды. Ол 209 миллион теңгеден астам сома.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!