Антикор Мұхамедиұлының үстінен "жала жапты" деген айыппен тергеу бастамақшы

Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлының Антикор қызметкерлері "Дипломат" қонақүйін үшінші тұлғаға жаздыртуға мәжбүрледі деген мәлімдемесі тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Антикор бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін хабарлады.

"Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты сот процесінен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерін "Дипломат" қонақүйін үшінші тұлғаларға қайта жазуға және 111 млн теңге сомасында залалды өтеуге мәжбүрлеу туралы ақпарат пен бейнеролик таратылды.

Мұхамедиұлына 221 млн теңге жымқырды деген айып тағылып, оның қатысы жиналған дәлелдемелермен расталып, іс-әрекеттердің біліктілігі прокуратура органдарымен келісілді. Оның әрекеттеріне қорытынды бағаны сот береді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, тергеу барысында жауапкершілікті жеңілдету мақсатында ол мемлекет кірісіне айналдырылған 111 млн теңге сомасындағы залал ішінара өтелді.

Сонымен қатар қазіргі уақытта "Дипломат" қонақүйін рейдерлік басып алды деген күдікті Мұхамедиұлының өзіне қатысты қосымша эпизод бойынша тергеу аяқталды.

"Осыған байланысты, Мұхамедиұлы сотталушыларына аталған мән-жайлар бойынша сот пен жұртшылықты адастыру жолымен жауапкершіліктен жалтару мақсатында жалған ақпарат берілді. Жала жабу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастау туралы мәселе шешіліп жатыр", -  делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!