"786 мың теңге". Әнші Абай Бегей көлігінің су жаңа VIP нөмірін көрсетті

"786 мың теңге". Әнші Абай Бегей көлігінің су жаңа VIP нөмірін көрсетті
Фото: instagram.com/abai_begei

Әнші Абай Бегей жиен немересінің бір жасқа толған туған күнін дүркіретіп атап өтті. Тойда әншінің үлкен қызы әкесінің көлігіне VIP нөмір сыйға тартты. Бұл туралы өнер иесі өзінің instagram парақшасына жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Кешелі бері жаудырып жатқан тілектеріңізге мың алғыс. Әділхан Ерке, қызымыздың жасы құтты, берекелі болсын. Жаратқан ием өміріне береке берсін. Сыйлыққа рахмет! 001 ABI 02",- деп жазды әнші өзінің instagram парақшасына.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Абай Бегей (@abai_begei)

001 санынан басталатын автокөлік нөмірі 786 600 мың теңгеден басталады. Көлік нөмірінің нарықтағы бағасы тіркеуімен бірге шамамен 1 миллион теңгеге бағаланады.

Ал желі қолданушылары әншіні құттықтап, түрлі пікір қалдырды.

"Құтты болсын", "Бізге де жұғысты болсын", "Абай аға, сіз өте керемет әкесіз. Сіздей әкелер көп болсын", "Қыздарыңыз тәрбиелі, кішіпейіл", "Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы