Алматыда полицей әріптесін абайсызда оқ атып өлтіріп алған

Алматыда полиция қызметкері әріптесін абайсызда оқ атып өлтіріп алған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде пайда болған ақпарат бойынша, оқты 28 жастағы сержант атқан. Ол және жәбірленуші тамақ ішетін бөлмеде отырған. Оқ қызметтік қарудан абайсызда атылғаны айтылды. Полиция қызметкері алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Куәгердің айтуынша, олардың арасында кикілжің болмаған.

Алматы Полиция департаменті өкілдері 5 маусымда полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқанын, ол алған жарақаты салдарынан қаза болғанын хабарлады.

"Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиіс сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!