"Кино түсіргім келеді". Әнші Айқын Төлепберген алдағы жоспарымен бөлісті

"Кино түсіргім келеді". Әнші Айқын Төлепберген алдағы жоспарымен бөлісті
Фото: instagram.com/aikyn

Әнші Айқын Төлепберген үлкен баспана салып жатыр. Ол осы кезге дейін сатып алған үйін үш баласына үлестіріп берген. Енді бұл үйінің қоныс тойы қысқа дейін дайын болып қалатынын жеткізді. Бұл туралы әнші "Ревю" бағдарламасына берген сұхбатта айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Қоныс той биыл деп жоспарлап отырмын. Негізгі жұмыстары іші мен сыртын әрлеуге кетіп жатыр. Бірақ тез аяқтауға тырысып отырмыз. Биыл қысқа дейін қоныс той жасау ойда бар", - дейді Айқын Төлепберген

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Aikyn Tolepbergen (@aikyn)

Сондай-ақ, әнші сахнада жүргеніне 20 жыл толуына орай жеке кешін өткізуді жоспарлап жүргенін айтты.

"Иә, биыл сахнада жүргеніме 20 жыл соған орай үлкен жеке концертімді өткізу жоспарда бар. Бірақ бірінші кезекте үйімді аяқтап алуым керек. Үйдің қаншаға жасалып жатқанын айта алмаймын бірақ жартысы бартер арқылы алынды. Жеке ән кешімнен басқа кино түсіруді жоспарлап отырмын дейді",- әнші.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы