+46 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

+46 градус. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: tengrinews.kz

Синоптиктер 6-8 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен ауа райы тұрақсыз болады, найзағай ойнап, 6 маусымда батыста, 7-8 маусымда солтүстік-батыста жаңбыр жауады. 8 маусымда еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Тек еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз, ауа райы ыстық болады.

"Күндіз аптап 6-7 маусымда солтүстікте, 6 маусымда орталықта, республиканың шығысында +41 градусқа дейін сақталады, 8 маусымда оңтүстік-шығыста +41 градусқа дейін, еліміздің оңтүстігінде +46 градусқа дейін сақталады деп болжанады. 8 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде аптап ыстық +22-30 градусқа дейін төмендейді деп болжанады", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек