Таиландта теңізге батып, көп су жұтып қойған Қазақстан азаматы қайтыс болды

Жергілікті биліктердің ескертуіне және тыйым салуына қарамастан теңізге түсіп, көп су жұтып қойған 24 жастағы Артур Искаков қайтыс болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қайғылы хабарды Артурдың әпкесі Айлана хабарлады.  

Еске салайық, СІМ мәліметінше, отандасымыздың жағдайы ауыр, комада жатқан болатын.

"Соңғы күндері Пхукетте қатты толқындар көтеріліп, жағалауға қызыл жалаулар шығарылған. Біздің азаматтың денесін судан шығарғаннан кейін құтқарушылар оған жасанды тыныс жасап, дәрігерлерге тапсырды. Қазір ол жансақтау бөлімінде ем алып жатыр. Отандасымызды Таиландтан Қазақстанға санавиация ұшағымен тасымалдау үшін қазақстандық дәрігерлер консилиумының қорытындысы қажет", - делінген еді СІМ хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!