Астанадан Анталияға жаңа рейс қосылды

Астанадан Анталияға жаңа рейс қосылды
Фото: instagram.com/nqz_airport

Астанадан Анталияға жаңа рейс қосылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Астана халықаралық әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Алғашқы рейс бүгін түнде Boeing 737-800 ұшағында орындалды және ол 5,5 сағатқа созылды. 

Ұшақты дәстүр бойынша "су аркасымен" қарсы алған. Бұдан былай Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізіндегі курорты арасында аптасына екі рет - сәрсенбі және жексенбі күндері тікелей әуе қатынасы жүзеге асырылатын болады

Boeing 737-800 ұшағы 189 орынға арналған. Жоғары жолаушылар ағынын сақтай отырып, әуекомпания ағымдағы жылдың шілде айынан бастап ұшақты 300-ден астам жолаушы орыны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстыруды жоспарлап отыр. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина