Шымкентте аудандық полиция басқармасы бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеуші ұсталды

Шымкентте аудандық полиция басқармасы бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеуші ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы polisia.kz хабарлады.

Бірлескен жедел іс-шараларды жүргізу барысында 2 маусымда ҰҚКД мен Шымкент қаласы ПД ӨҚБ-ның қызметкерлері Абай аудандық полиция басқармасы анықтау бөлімінің бастығы мен бұрынғы тергеушіні ұстады. Олар алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!