Полиция "Алтын орда" базары директоры орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді

Полиция "Алтын орда" базары директоры орынбасарының ұсталуына қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматы облысы Қарасай ауданының полиция қызметкерлері Алматы - Бішкек автожолында BMW автокөлігін тоқтатқан.

Тінту барысында автомобиль жолаушысынан ерекше иісі бар ақ ұнтақ зат тәркіленді, сондай-ақ басқа жолаушыдан МК-471С травматикалық тапаншасы тәркіленді.

"Қазір сот-химиялық сараптама тағайындалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Аталған деректер ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі және 296-бабының 4-бөлігі бойынша тіркелді", - делінген полиция таратқан хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысындағы "Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталғанын хабарлаған едік. Ол 2 маусымда қамауға алынған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!