Еліміздегі ең үлкен скейт парк ашылды

Еліміздегі ең үлкен скейт парк ашылды
Фото: Автордан

Қонаев қаласындағы бұл паркте  мыңнан астам жасөспірім скейт, велесипед пен самокат теуіп жарысады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Демалыс аймағының ресми ашылу салтанатына қала тұрғындары түгел жиналды. Өйткені, бұған дейін шаһарда жастарға арналған нысан өте аз еді. Енді скейт паркте жастар самокат пен велосипед теуіп, түрлі акробатикалық әдістерді жасап, шынығады. Жалпы Қонаевтың жасөспірімдері білім мен спортқа өте бейім. Экстремалды бұқаралық спорт түрлерімен мыңнан астам жасөспірім шұғылданады. Ал, скейт паркте болашақта халықаралық деңгейдегі жарыстар өткізіледі.

"Бұл біздің балаларымыз үшін, қала тұрғындары үшін өте үлкен қуанышты күн. Бұл жерде кішкентай балалар спортпен айналысады, бұқаралық спортымыз дамиды" деді Алматы облыстық спорт басқармасының басшысы, даңқты балуан Нұрбақыт Теңізбаев

Саламат Сабыр  

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Қ. Әбілдәқызы