Нутрициолог ешкі сүтінің пайдалы қасиеттері жайлы айтты

Нутрициолог Лаура Сейітбек өзінің инстаграм парақшасында ешкі сүтінің пайдасы жайлы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ешкі сүті - құнарлылығы жоғары, биологиялық құндылығы бар ерекше өнім. Оның дәмі де, құрамы да ерекше. Кейбір жағдайларда сиыр сүті аллергия тудырса, ешкі сүті керісінше асқазанға жеңіл сіңіп, ауырлық тудырмайды.

Ешкі сүтінің құрамындағы май ағзаға тез сіңіп, адам ағзасының тіндерінде холестерин жиналуына қарсы тұрып, метаболикалық қасиетінің арқасында ағзаның қорғаныс қызметін арттырады.

Ешкі сүтінде мынадай дәрумендер мен минералдар бар:

  • кальций (143,0 мг) мен магний (14,0 мг);
  • фосфор (89,0 мг) мен марганец (17,0 мкг);
  • мыс (20,0 мкг) пен А дәрумені (0,1 мг);
  • В (0,04 мг), С (2,0 мг) және Д (0,06 мг) дәрумендері;
  • аскорбин қышқылы.

Ешкінің сүті ана сүтіне жақын болғандықтан, кейде жаңа туған сәбилерге беріп жатады. Ол құнарлы әрі пайдалы.

Ата-бабамыздың ешкі сүтін ішіп, ірімшігін жегеннің өзінде үлкен мән-мағына бар.

Себебі ешкі сүтінің мынадай пайдалы қасиеттері бар:

  • иммундық жүйені нығайтады;
  • асқазан-ішек жоладырының жұмысын қалыпқа келтіреді;
  • тірек-қозғалысы жүйесі жұмысын жақсартып, рахиттің алдын алады;
  • жүрек жұмысын жақсартады.