Оқушы хиджаб кигені үшін соңғы қоңырауға қатыса алмаған: министрлік пікір білдірді

Оқушы хиджаб кигені үшін соңғы қоңырауға қатыса алмаған: министрлік пікір білдірді
Фото: Видеодан алынған кадр

Желіде мектеп түлегі хиджаб кигені үшін соңғы қоңырау кешіне қатыса алмағаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл видео  Instagram-парақшаларының бірінде пайда болды. Онда 11-сынып оқушысы хиджаб кигені үшін соңғы қоңырауға қатыса алмағанын айтады. 

"Менің сыныптастарым осылай қатысып жатыр. Ал мені… Сөйлей алмай тұрмын қазір. Мені қатыстырған жоқ. Неге қатыстырған жоқ? Себебі мен хиджабтамын. Хиджабпен шықпайсың деп тұрып алды. Мен қатыса алмадым. Енді мен тек соңында, тек суретке түсетін кезде шығамын. Ал былай қастарында тұра алмаймын",- деп уәж айтты хиджабтағы оқушы.

Шымкент қаласының білім басқармасы өкілдері бұған қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, қызға ешқандай қысым көрсетілмеген. 

"Болған жағдай бойынша оқушының ата-анасымен және өзімен жеке әңгіме жүргізілді. Оның айтуынша, мектеп қабырғасында өткен "Соңғы қоңырау" мерекелік  іс-шарасына кешігіп келгендіктен көңіл-күйі бұзылып, мектеп терезесінен қарап эмоционал күйде бейнеүндеуін жариялаған. Сыныптастары тарапынан ар-намысына тиетін сөздер немесе де қандай да бір психологиялық қысым көрсетілмеген", - деді ведомство өкілдері. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек