Петропавл саябағында адамдар отырған аттракционның тежегіші істен шықты

Балаларды қорғау күні Петропавлдың орталық саябағындағы аттракциондардың бірі тежегішті басып қалды. Бірнеше келушінің жұмсақ тіндері көгерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

"Мир атракционов" ЖШС бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Гусенница" аттракционы температураның жоғарлауы мен ауыр жұмыстың салдарынан тежегіш кептеліп қалды. Салдарынан бірнеше кабина күрт тежелді. Кейбір адамдардың денесі аздап көгерді. Оларға дереу медициналық көмек көрсетілді, кейін зардап шеккеннің барлығы үйіне жіберілді", - деп хабарлады "Мир Аттракциондар" ЖШС басшылығы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.

Сондай-ақ, қазір аттракцион жұмыс істемейтіні атап өтілді. Оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. Жақын арада қалаға астаналық маман келуі керек. Содан кейін болған оқиғаның себептері мен аттракционның одан әрі жұмысы нақты белгілі болады.

Саябақтағы барлық аттракцион жыл сайынғы тексеруден өтетіні белгілі. 2023 жылғы көктемде аттракциондар Астанадағы тәуелсіз сертификатталған зертханада техникалық диагностикасынан өтті.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!