Демалыста ауа райы қандай болады?

Демалыста ауа райы қандай болады?
Фото: Әлихан Сәриев

Синоптиктер 3-5 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, Оңтүстік ағынмен байланысты антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Тек батыс облыстарында және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда циклон мен атмосфералық фронталь бөліктердің әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Республиканың оңтүстік облыстарында шаңды дауылмен жел күшейеді деп болжанады.

"Қарқынды аптап сақталады, күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде күн 36-41 градусқа дейін, шығыста 33-39 градусқа дейін, орталықта 33-41 градусқа дейін, оңтүстікте 37-44 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста 30-39 градусқа дейін ысиды", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек