Қостанай облысында өзеннен 60 жастағы әйел өлі табылды

Қостанай облысында өзеннен әйел өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Алау" басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға Бейімбет Майлин атындағы ауданда болған. Бұл туралы Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері мәлімдеді.

28 мамырда сағат 20:20-да Тобыл өзеніндегі Валерьяновка ауылының маңынан әйел өлі табылды.

"Куәгерлердің күшімен 1963 жылы туған әйелдің денесі судан шығарылды", - делінген Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!