Марқұм Гүлмира Каримованың Сенаттағы орнына сайлау өтеді

Қаңтарда өткен сайлау қорытындысы бойынша Солтүстік Қазақстан облысынан Сенат депутаты болып сайланған марқұм Гүлмира Каримованың орнына сайлау өтеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ОСК мәліметінше, 2 маусымда Солтүстік Қазақстан облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шығып қалған депутат Кариомваның орнына сайлау өтеді.

Сенат депутатын таңдаушылар - мәслихаттардың депутаттары болып саналатын республика азаматтары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайлайды.

Сайлау таңдаушылардың бірлескен отырысында өткізіледі, отырыс сағат 10:00-да (елорда уақытымен) басталады.

Парламент Сенаты депутатының мандатына 2 кандидат үміткер болып отыр. Облыс бойынша таңдаушылар тізіміне мәслихаттардың 193 депутаты енгізілген. Дауыс беру күні Орталық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында төмендегі сілтемелер бойынша онлайн байқау сервистері жұмыс істейтін болады:

  • таңдаушыларды тіркеу бойынша:
  • дауыс берудің алдын ала қорытындыларын шығару бойынша:

Сайлау күнінің барысы туралы ақпарат ҚР ОСК Telegram-арнасында жарияланады. 

Еске салайық, 27 қаңтарда жаңадан сайланған сенатор Гүлмира Кәрімова қайтыс болған еді. Сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысына сәйкес, сенатордың өліміне жедел миокард инфарктісі себеп болған. Анафилактикалық шоктың дамуы туралы ақпарат расталмаған. 

2 ақпанда Гүлмира Каримованың өкілеттігі тоқтатылды

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!