Президент 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсететін клиниканы аралап көрді

Мемлекет басшысы Алматыға жасаған жұмыс сапары барысында "Керуен-Medicus" клиникасының жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Президент медицина мекемесінің клиникалық-диагностикалық бөлімшесін аралап көрді.

Клиникада ересектер мен балаларға амбулаториялық-емханалық, диагностикалық және стационарлық көмек тек ақылы негізде емес, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында да көрсетіледі. Мекеме 18 мыңнан астам адамға қызмет көрсетеді.

Президент клиника қызметкерлерімен әңгімелесу барысында арнаулы жоғары технологиялық медициналық мекемелер мен орталықтар ашу маңызды екенін атап өтті. Сондай-ақ олардың аса жауапты еңбегіне табыс тіледі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!