Ресей утильалымды өсірсе, ЕЭО жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін - БАҚ

Ресей утильалымды өсірсе, ЕЭО жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін - БАҚ
Фото: Көрнекі сурет. Еlements.envato.com

Ресейдің Қазақстанға ұсатнымына қайшы утильалымды өсіру Еуразиялық экономикалық одақ жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Дром" ресейлік автомобиль басылымына сілтеме жасап. 

"Алдағы уақытта Қазақстан да жаппай экспортты жолға қоюды жоспарлап отыр. Сондықтан Ресей Федерациясының билігі утильалым мөлшерін Беларусь және Қазақстан үкіметтерімен үнемі келісіп отырады. Сұхбаттасушының айтуынша, келісімшартта утильалым үшін өтемақы өте үлкен көлемде - жылына 50 мың автокөлікке дейін қарастырылған, ал Беларусьтен ең көбі 20 мыңға жуық жергілікті құрастырылған автокөліктер әкелінген. Осылайша, утильалым ақысын арттыру мәселесін талқылау барысында Қазақстан бұған үзілді-кесілді қарсы шықты. Олардың айтуынша, Ресей үкіметі Қазақстан тарапының уәждерін ескермеген және "утилизацияны" көбейтуді жоспарлаған. Ресей тарапының мұндай біржақты әрекеттері, басқалармен қатар, ЕЭО-ның жұмысына кері әсерін тигізуі мүмкін. Дегенмен жағымды жағы да бар: қазақтардың кәдеге жарату алымын өсіру мәселесінен туған наразылық министрлік деңгейден мемлекеттік деңгейге көтерілді. Бұл Индустрия және сауда министрлігінің (Ресейдің) жоспарларына нүкте қоюы мүмкін, одан басқа "утилизация" алымы дәл қазіргі деңгейінде, не 2021 жылғы қаңтардағы  жоспарға сәйкес өсуі мүмкін, яғни 25 пайызға. Осылайша, "АвтоВАЗ" Chery, Haval, Geely сынды импорттаушылармен күресу үшін негізгі "қаруынан" айырылды", - делінген хабарламада. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек