"Жыл бойы осыны армандаған шығар". Сөмкесін допша тепкен оқушы Желіні жарды

"Жыл бойы осыны армандаған шығар". Сөмкесін допша тепкен оқушы Желіні жарды
Фото: видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желіде соңғы қоңырау қарсаңында мектеп оқушысының күлкілі видеосы тарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Петропавлдық Instagram-парақшалардың бірінде пайда болған видеода мектеп оқушысы сөмкесін доп секілді теуіп бара жатқаны көрінеді. Қазнеттегілер бұл көріністен мектеп кездерін еске алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петропавловск Казахстан СКО (@sko_kz)

Желі қолданушылары видеоға түрлі пікір жазған. Олардың арасында баланың қуанышына "ортақтасқандар" да, сөмкені аяғандар да табылған:

Жаз да келді. Қош бол, мектеп, күзге дейін.

Алақай! Демалыс!

Қош бол, мектеп. 

Жыл бойы осыны армандаған шығар.

Көптен күткен еркіндік, алақай!

Жігіттің қуанышы қойнына сыймай тұр.

Айта кетейік, биыл Қазақстанда алғаш рет мектептерде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылды. Жаңа ереже бойынша ел мектептерінде оқу жылы 36 аптаға созылды. Ол 1 қыркүйекте басталып, 1 маусымда аяқталды.

Еске салайық, бұған дейін аула сыпырушының көңілді видеосы Қазнетті тәнті еткен болатын.

Сондай-ақ, бүгін еліміздегі барлық мектепте соңғы қоңырау соғылғаны хабарланған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова