Қырғызстанда жер сілкінісі болды

Қырғызстанда жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жерасты дүмпулерін Төтенше жағдайлар министрлігі "СТӘЭ" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 1 маусымда Астана уақыты бойынша сағат 09:21-де тіркеді.

"Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 443 шақырым жерде Қырғызстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 11,2. MPV магнитудасы - 4,8. Тереңдігі - 15 шақырым", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!