Қызық жаңалық: саңырауқұлақтан үй салуға болады

Қызық жаңалық: саңырауқұлақтан үй салуға болады
Фото: Видеодан алынған кадр

Саңырауқұлақтарды тек тұтынуда емес, құрылыс материалы ретінде де қолдануға болады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап. 

Ұлыбританиялық ғалымдар жуырда осындай жаңалық ашты. Мамандардың айтуынша, саңырауқұлақтың вегетатив бөлігі үй блоктарын жасауға әбден жарамды. Тіпті кез келген пішінді де қабылдай береді екен. Әдеттегі бетон мен болаттан басты айырмашылығы да - осы. Сонымен қатар, мұндай үйлер қоршаған ортаға ешқандай зиян тигізбейтін көрінеді. Яғни экологиялық тұрғыдан таза. Сондықтан атмосфераға тарайтын зиянды заттар көлемін қысқартуға да мүмкіндік бар. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек