Футбол алаңында соққыға жығылған спортшы көз жұмды

Өзбекстанда Бұхар облысында жанжал кезінде спортшы футбол алаңында соққыға жығылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Бұл оқиға 29 мамырда сағат 22:30 шамасында Қаған ауданында болған. Футбол ойыны кезінде әртүрлі командалардың екі ойыншысы (21 және 27 жастағы) жанжал шығарып, төбелескен. Салдарынан бір спортшы беті мен денесіне тиген соққыдан оқиға орнында көз жұмды.

Сот-медициналық сараптамасының қорытындысына сәйкес, марқұмның денесіне ауыр жарақат келтірілген.

Бұл дерек бойынша Өзбекстан Қылмыстық кодексінің 104-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасып жатыр. Шабуылдаушы сегіз жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!