"Бөпе кезім". Танымал әнші Жанар Айжанова 35 жыл бұрынғы видеосын жариялады

"Бөпе кезім". Танымал әнші Жанар Айжанова 35 жыл бұрынғы видеосын жариялады
Фото: Видеодан алынған кадр

Танымал әнші Жанар Айжанова 35 жыл бұрынғы мұрағаттағы видеосын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"35 жыл бұрынғы бөпе Жанар. Сол кезде көрген адамдар "Құдай-ай, бала екесің ғой" деп өбектеп жататын. Мен өзімше үлкен адам сияқты болып жүретінмін. Қазір қарап күліп отырмын. Қайран уақыт, қалай зымырап өте шықтың", - деп жазған әнші.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Zhanar_Aizhanova (@zhanar_aizhanova)

Желі қолданушылары әншіге жағымды пікірлер жазған, қызы Айжұлдызға ұқсатқан.

"Жанар сіңілім, керемет. Ақтөбе өңірінің қыздары мықты, батыл, батыр. Аллаға шүкір, сол батылдықтың арқасында шындықты бетке айту және ниетіміздің тазалығынан да болар. Алла жар болсын, батыстың ержүрек қыздарына", "95-жылдары біз 5,6 жас кезімізде қазақта тек екі әнші бар шығар деп ойлаушы едім, Жанар Айжанова мен Мақпал Жүнісова", "6-7 жастағы кезім болса керек, магнитофон ғой ол кезде. Кассетаны қостырып, сіздің әніңізді тыңдап отыратынмын", "Қазіргі Айжұлдызды көргендей болдым, құдды өзіңіздің жас кезіңіз", - дейді олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова