Жаздың алғашқы күнінде елдің басым бөлігінде күн ыстық болады

Жаздың алғашқы күнінде елдің басым бөлігінде күн ыстық болады

"Қазгидромет" РМК синоптиктері бүгін, 1 маусымда қолайсыз ауа райына байланысты елдің көп бөлігінде ескерту жасады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстігінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с. 

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың басым бөлігінде 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысында қатты ыстық 35-38 градус күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

01-03 маусымда күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде найзағай ойнайды. Күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 39 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың солтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде шанды дауыл күтіледі. 01-02 маусымда солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі. 

Жетісу облысының шығысында, орталығында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20, күндіз Алакөл көлдері ауданында 23-28 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының шығысында, орталығында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Ұлытау облысының басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23 м/с. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі күтіледі. 

Шымкентте күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі. қ. Түркістан: 01 маусымда күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Жоғары өрт қауіпі күтіледі.

Ақтөбе облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады. 

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың басым бөлігінде 38 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Жоғары өрт қауіпі сақталады, облыстың оңтүстігінде өрт қауіпі төтенше деңгейі күтіледі.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында, шығысында күші 15-20, екпіні 23 м/с шаңды дауылмен күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.
 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан