Өскеменде құрбысын ұрып-соққан оқушылар сотта жауап береді

Өскеменде құрбысын ұрып-соққан оқушылардың ісі сотқа жіберілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Полиция төбелеске қатысы бар 14 қызды тергеуге алған.  Алайда қазір тек үш бойжеткен айыпталып отыр.

Оқушы қыздар арасындағы төбелес сәуір айының басында болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода бір қыздың екінші бойжеткенді дәретхана ішінде аяусыз ұрып жатқаны анық көрінеді.

Қоғам наразылығын тудырған іске полиция араласып, қыздардың мектеп оқушысы екенін анықтады. Тіпті күдіктілердің бірінің анасы білім беру саласында басшылық қызметте отырғаны айтылған. Қазір оңбай таяқ жеген қыз ауруханадан үйіне шығарылды. Енді жәбірленушіге күш қолданған үш оқушы сот алдында жауап береді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!