Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобы қызметін аяқтағаны рас па?

Жаңаөзендегі арнайы жұмыс тобының қызметі аяқталғаны туралы хабарламалар шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "ҚазМұнайГаздың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бүгінгі таңда арнайы жұмыс тобының қызметі жалғасып жатыр, топ мүшелері мұнай сервис кәсіпорындарын тексеріп, қаланың еңбек ұжымдарымен және кәсіподақ ұйымдарымен кездесулер өткізеді. Қазіргі уақытта "Өзенмұнайгаз" АҚ-тың қаржы-шаруашылық қызметін тексеру жөніндегі жұмыс аяқталуға жақын, аралық қорытындылар шығарылып жатыр", - делінген хабарламада.

Анықталған сәйкессіздіктер бойынша комиссия кейбір қызмет түрлерін, оның ішінде ұңғымаларды жерасты жөндеу, көлік қызметтері және тағы басқа қызметтерді одан әрі тексере түседі.

Одан бөлек, алдағы екі аптаға жауапты мамандарды тарта отырып, мердігер ұйымдардың еңбекақы төлеу, әлеуметтік төлемдер, қауіпсіздік техникасын сақтау шарттарына инспекция жүргізу жоспарланған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!