Концерт, фестиваль: Алматыда Балаларды қорғау күнінде қайда баруға болады?

Концерт, фестиваль: Алматыда Балаларды қорғау күнінде қайда баруға болады?
Фото: Tengrinews.kz

Алматы әкімдігі 1 маусым - Балаларды қорғау күні қалада өтетін іс-шаралардың тізімін жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Алматыдағы Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар тізімі:

  • сағат 11:00-де "Алматы БАЛАFEST" балалар фестивалі, ҚБТУ артындағы "Северный" сквері Қазыбек би – Абылай хан, Әйтеке би – Панфилов көшелерінің квадратында;
  • сағат 12:00-де Family саябағындағы мерекелік концерт, "Сарыарқа" метростанциясының кіреберісі;
  • сағат 11:00-де "Гүлдер" саябағында мерекелік концерт, Серіков көшесі, 2а;
  • сағат 12:00-де Орталық мәдениет және демалыс саябағындағы мерекелік концерт, Гоголь көшесі, 1;
  • сағат 12:00-де С.Сейфуллин атындағы саябақта, Шолохов – Щербаков көшелерінің қиылысында мерекелік концерт.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан