Университеттен шығып, оралмаған: Ақтауда студент іздестіріліп жатыр

Ақтауда 17 жастағы студент үшінші күн қатарынан іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі lada.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, 29 мамырда таңертең Артықбай Елманов Yessenov university-ден белгісіз бағытқа шығып, үйіне оралмаған.

Жігіттің дене бітімі орташа, бойы - 175-180 сантиметр.

Жоғалған адам туралы ақпараты барлардан мына телефондар арқылы хабарласу сұралады: 8 (700) 499-72-92 немесе "102".

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!