Суши халал ма?

Суши халал ма?
Фото: snta.ru

Ел арасында кең таралған жапон сушиінің өзіндік ерекше дәмі бар. Бұл тағамды шикі балықтан жасайды. Шариғат бойынша суши жеуге рұқсат етілген бе? Islam kz арнасы осы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Сушиді екі түрге бөліп қарастыруға болады:

  • Біріншісі - балық тектес, балыққа ұқсайтын су хайуандарынан жасалатын суши.
  • Екіншісі балық тектеске жатпайтын, балық ретінде есептелмейтін су жануарларынан жасалатын суши.

"Балық тектес су жануарынан жасалған сушилар Абу-Ханафи мазһабында адал, оны жеуге болады. Мысалы: ақсерке, түнес, жыланбалық осы секілді су жануарлары адал етілген, сондықтан бұлардан жасалған сушилерді жеуге болады", - дейді имам.

© chefmarket.ru

"Су жануарлары балық түріне саналмайтын сушиді Ханафи мазһабы бойынша жеуге болмайды. Біздің мазһабта тек суда мекен ететін балық адал. Кальмардан, сегізаяқтан, теңіз кірпісі, су сарышаяны сынды судағы жануардан жасалған сушиді жеуге рұқсат етілмеген", - дейді Islam kz арнасының имамы.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы