ШҚО-да кәмелетке толмағандар орталығында зорлық жасалды деген қауесет тарады: тергеу нәтижелері жарияланды

ШҚО-да кәмелетке толмағандар орталығында зорлық жасалды деген қауесет тарады: тергеу нәтижелері жарияланды
Фото: elements.envato.com

Өскеменде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында балаларға қатысты сексуалды зорлық-зомбылық жасалған деген қауесет тарады. Бұған қатысты тексеру қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.

Облыстық білім басқармасының басшысы Инесса Чернышева мекемедегі оқиғаға қатысты ақпаратқа жоспарланған тергеу шарасының аяқталғанын айтты.

"Куәгерлерден жауап алу, барлық құжатты тексеру сынды тергеу шаралары жүргізілді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл дерек расталған жоқ", - деді Инесса Чернышева.

Еске салайық, наурызда орталықта балаларға жыныстық зорлық-зомбылық жасалды деген қауесет шыққан болатын. Жағдайды анықтау үшін Балалар омбудсмені Ақсана Қаленованың төрағалығымен жұмыс тобы құрылды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталған еді. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек