Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?

Жаздың алғашқы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: pixabay

Синоптиктер 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Метеорологтардың айтуынша, жаз барлық өңірде күнтізбе бойынша келген. Оңтүстік ағынмен байланысты антициклон сілемі Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына әсер етеді. Тек батыс аймақтарда және елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады.

"Ауа температурасы біртіндеп көтеріледі, күндізгі уақытта елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде +36-41 градусқа дейін, шығыста +28-33 градусқа дейін, орталықта +30-39 градусқа дейін, оңтүстікте +37-43 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +30-37 градусқа дейін жетеді", - делінген хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова