"Әлі сене алмаймын". Оралда оқушы ҰБТ-дан жоғары балды қалай жинағанын айтты

"Әлі сене алмаймын". Оралда оқушы ҰБТ-дан жоғары балды қалай жинағанын айтты
Фото: "Мой город"

Ұлттық бірыңғай тестілеуден 135 балл жинаған оралдық оқушы қалай дайындалғаны, жоғары ұпайды қалай алғаны туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

Әлияр Жұмағанбетов Шыңғырлау ауылынан шыққан, отбасындағы үш баланың тұңғышы. Ол ақпараттық технологиялар лицейінде оқиды, оқу орнындағы интернатта тұрады. Әлияр бір күн бұрын ҰБТ-дан 135 балл жинаған.

"Физика-математикадан тестке дайындалуға күніне бір жарым сағат уақытымды арнадым. Мектеп те үздіксіз дайындалдым. Алғашқы сынақ тестінен 77 ұпаймен жинадым, кейін нәтижелер жақсара бастады. Наурызда 119 ұпай жинадым. Шамамен 125 балл жинаймын деп ойладым, бірақ нақты тестілеуде 135 балл жинадым, сондықтан әлі сене алмаймын. ҰБТ оңай өтті, алаңдамадым да, қобалжымадым да, психикалық тұрғыдан дайын болдым", - деді Әлияр.

Түлек болашақ мамандығын үшінші сыныпта таңдаған. Әлияр Алматыдағы Қазақстан технологиялық университетінің автоматтандыру және басқару факультетіне түскісі келеді.

"Ата-анам маған сыйлық әпереміз ждеген жоқ, мақсатым да, мотивациям да грантқа түсу болатын. Мен 140 ұпай жинар едім, бірақ тарихтан екі қателік жібердім. Хронологияға байланысты сұрақтар емес, логикалық сұрақтардан қате кетті.  Менің ойымша, көбірек ұпай жинауға болар еді", - дейді талапкер.

Әлияр болашақ түлектерге көп оқуға, сабыр сақтауға және қалаған ұпайдан да төмен жинауы мүмкін екенін ескеруге кеңес береді.

Әлиярдың математика пәнінің мұғалімі Гүлжан Сайынқызы оның екі шәкірті пән бойынша ең жоғары балл жинағанын айтты. Жыл басынан олар алға мақсат қойып, мүмкін болатын нәтижені жоспарлағанын алға тартты.

"Қыркүйекте біз нәтижелерді жазып, қателермен жұмыс істеуді бастадық. Әлиярдың мақсатына жеткеніне қуаныштымын, себебі ол 125 ұпай жинауды жоспарлаған. Ол табанды және қыңыр бала. Егер ол есепті шеше алмаса, онда ол толық түсінбейінше отырады. Екі жыл бойы Әлиярға осы пәннен сабақ беріп келемін, оның табандылығын, ұқыптылығын байқадым, барлық тапсырманы аяғына дейін орындайды. Психикалық тұрғыдан да дайын. Менің ойымша, оның жақсы нәтижеге жетуіне бойындағы осы қасиеттер себепкер болды", - дейді Гүлжан Сайынқызы.

Әлияр жетінші сыныптан бастап өзі тұрған мектеп-интернаттың ұстаздары мен қызметкерлеріне жылы лебізі мен қамқорлығы үшін алғысын білдіреді. Бос уақытында Әлияр ән айтады, домбыра, гитара, пианинода ойнайды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек