Ресейліктер рубльді Қазақстанға телефон нөмірі арқылы аудара алады

Ресейліктер рубльді Қазақстанға телефон нөмірі арқылы аудара алады
Фото: еlements.envato.com

Ресейлік Tinkoff банкінде қазақстандық Freedom Finance-ке рубльді жедел аудару мүмкіндігі іске қосылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tinkoff-тан қазақстандық Freedom Finance-ке рубльді лезде аударғанда банк комиссия ұстамайды. Мұны қаншалық оңай әрі жылдам орындауға болатыны туралы нұсқаулар да бар. 

Freedom Finance мәліметінше, бұл әрекетті іске асыру үшін Tinkoff қолданбасында "Аударым" бөлімінде "SWIFT аударымдарын" таңдау керек. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек