Денесін тұрғындар алып шыққан: Атырау облысында 12 жастағы бала өлі табылды

Денесін тұрғындар алып шыққан: Атырау облысында 12 жастағы бала өлі табылды
Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау облысында атта отырған бала суға құлап, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қайғылы оқиға 30 мамырда сағат 15:00 шамасында Құрманғазы ауданындағы Сафон ауылында болған. Құтқарушыларға 12 жастағы бала абайсызда суға түсіп кеткені туралы хабар түскен. Артынша бала атта отырған сәтінде суға түсіп кеткені анықталды.  

15:30-да жергілікті тұрғындар баланың денесін алып шығып туыстарына тапсырған. 

Еске салайық, жақында тағы бір бала суға батып кеткен болатын. Құрманғазы ауданында 15 жастағы бала тыйым салынған жерде суға түскен.   

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина