Астанада сабақ бермей, ақшасын алған мектеп директоры қызметінен босатылды

Астанада қосымша сабақты өткізбей, ақша алған Астанадағы №49 мектеп директоры қызметінен босатылды. Мұғалімнің әрекеті тәртіптік комиссия отырысында қаралды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы Астана білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

"Қызметтік тексеру жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды. Мектеп директорының әрекеті тәртіптік комиссияның отырысында қаралды. Бүгінгі таңда департаменттің бұйрығымен №49 орта мектептің директоры қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін мектеп оқушылары Оқу-ағарту министріне видеоүндеу жасап, мұғалімнің үстінен шағым түсірген еді. Мектеп оқушыларының айтуынша, олар бекітілген пәндерді оқу жылында мүлдем оқымаған.

Мектеп оқушылары келесі жылы оқуға түсу емтихан тапсырып, эссе жазуы керек, бірақ олар бұл бойынша машық жинамағанына алаңдап отыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!