Балалары нашар баға алғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынатыны рас па?

Балалары нашар баға алғаны үшін ата-аналарға айыппұл салынатыны рас па?
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Instagram-дағы қарағандылық парақшада балалары мектепте нашар оқитын ата-аналарға айыппұл салуды көздейтін норма қарастырылғаны туралы видео пайда болды. Өңірдің білім басқармасы өкілдері бұл қауесетке пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, алаңдауға негіз жоқ. Елімізде балалар "екі" алғаны үшін айыппұл салу жоспарда жоқ.

"Қолданыстағы заңнамада балалардың қанағаттанарлықсыз бағалары үшін ата-аналардың жауапкершілігі қарастырылмаған. Мұндай жаңашылдықтар енгізілген нормативтік-құқықтық актілердің жобалары талқылауға шығарылған жоқ. Қандай да бір білім беру реформаларын енгізу туралы нақты мәліметтер алу үшін ресми ақпарат көздерін пайдалануды ұсынамыз", - деді Қарағанды облысының білім басқармасы өкілі.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова