"Мұрнымды екінші рет сындырдым". Әнші Сиви Махмуди жол апатына ұшырады

"Мұрнымды екінші рет сындырдым". Әнші Сиви Махмуди жол апатына ұшырады
Фото: instagram.com/sivi_makhmudi

Танымал әнші Сиви Махмуди жол апатына ұшырады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өнерпаз өзінің instagram storis-не фото жүктеп, жол апатына ұшырағанын айтты. 

Алдын күні Шымкент қаласында жол көлік оқиғасына тап болдым. 1,5 ай бұрын ота жасатқан мұрнымды қайта сындырып алдым , - деп жазды ол. 

Желі қолданушылар өз кезегінде әншінің амандығын тілеп, пікір қалдырды.

"Балаларыңыздың несібесіне аман болыңыз", "Қорқыныштың арты қуаныш болсын", "Аман бол Сиви, балаларыңа керексің", "Сиви тез жазылып кетіңіз", "Аман қалғаныңызға шүкір етіңіз", - деп жазды олар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Е. Ерболұлы