Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды

Мәскеуге дронмен шабуыл жасалды
Фото: pixabay

Мәскеуде дронмен шабуыл салдарынан бірнеше ғимаратқа зақым келді. Бұл ақпаратты қала мэрі Сергей Собянин Telegram-арнасында растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Тұрғындар жарылыс дауысын естігенін хабарлап жатыр. Baza Telegram-арнасының мәліметі бойынша, дрон тұрғын үйдің 16-қабатындағы пәтердің терезесіне түскен. Үй тұрғындары эвакуацияланған.

Қала мэрі Собяниннің сөзінше, оқиғадан зардап шеккендер жоқ.

"Бүгін таңертең ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы бірнеше ғимаратқа аздап зақым келтірді. Қаланың барлық шұғыл қызметі оқиға орнында. Олар болған оқиғаның мән-жайын анықтайды. Ешкім ауыр зардап шеккен жоқ. Тек ресми дереккөздерге сенулеріңізді және тексерілмеген ақпаратты таратпауларыңызды сұраймын", - делінген хабарламада.

Ал Мәскеу облысының губернаторы Андрей Воробьев бірнеше дрон атып түсірілгенін мәлімдеді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова