Қарағандылық әйел аурухана қызметкерлері азық-түлік салынған пакетін ұрлады деп айыптады

Қарағандылық әйел аурухана қызметкерлері азық-түлік салынған пакетін ұрлады деп айыптады
Фото: nnm.ru

Қарағанды ​​тұрғыны аурухана қызметкерлері азық-түлік салынған "сәлемдеме" пакетін ұрлады деп айыптады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Патриот" Telegram-арнасына сілтеме жасап. 

"Тәтем Қарағандының оңтүстік-шығысындағы Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың инсульт бөліміне түсті. Анам тәтеме пакет әкеліп берді. Пакетке есімін жазып, тапсырды", - дейді қарағандылық әйел.

Туыстары науқастың пакетті сол күні де, келесі күні де алмағанын кейін білді. Кейін олар Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасының науқастарды қолдау қызметіне арыз жазды.

"Азық-түлік, жеміс-жидек, сусындар салынған пакеттің өзі материалдық құндылыққа ие емес. Бірақ бұл пакетті науқастың туыстары жинайды ғой. Медицина қызметкерлері "сәлемдеме" салынған пакеттерді ұрлайтындай күйге жеткен болуы мүмкін бе?" - дейді қарағандылық қыз.

Патриотқа Қарағанды ​​облысының денсаулық сақтау басқармасы пікір білдірді.

"Науқастарды қолдау қызметіне науқасқа арналған пакеттің жоғалғаны туралы әйел хабарласты. Тексеру кезінде инсульт бөлімінде тегі бірдей екі науқас бары анықталды. Олардың бірінің қызы пакеттерді шатастырып, бөтеннің пакетін өзімен бірге үйіне алып кеткен. Кейін ол кешірім сұрап, пакетті ауруханаға тапсыратынын айтты. Медицина қызметкерлерінің пакеттерді ұрлау дерегі расталмады", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек