Атырау облысында 6 күн бұрын жоғалған бақташаны тікшұшақпен іздеп жатыр

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым жерде жоғалған бақташы 6 күннен бері іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін, 29 мамыр күні іздестіру-құтқару жұмыстарына "Қазавиақұтқару" АҚ МИ-8 тікұшағы жұмылдырылды. Бортында 5 экипаж мүшесі, ТЖД 4 қызметкері және туысқаны бар.

Еске салайық, 2023 жылғы 24 мамырда 15:12-де Атырау облысы Жылыой ауданында мал бақташысы жоғалғаны туралы хабар түскен. 1986 жылы туған мал бақташысы 23 мамыр күні 17:00 сағатта Жылыой ауданы Құлсары қаласынан 70 шақырым қашықтықта орналасқан шаруа қожалықтарының бірінен шығып кеткен. 

Сонымен бірге Құрманғазы ауданынан 120 шақырым қашықтықта орналасқан Жұмекен Нәжімеденов ауылына қарасты Қошалақ елді мекеніндегі "Теміржанов" шаруа қожалығынан 26 мамырда сағат 14:00 шамасында мал іздеуге шығып, оралмаған бақташы - 1963 жылы туған тұрғын 3 күннен бері іздестіріліп жатыр.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына Атырау облысы ТЖД 4 қызметкері және 1 бірлік техникасы жұмылдырылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!